Прямая трансляция

Астана

Астана

0°C

«10 жыл айға қарап жүрген жоқпын»: Жұлдыз Әбдікәрімова оқырман көкейіндегі сұраққа жауап берді

Танымал әнші Қайрат Нұртастың әйелі Жұлдыз Әбдікәрімова он жыл бойы жарыққа шықпай жүруінің себебін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz Skifnews.kz-ке сілтеме жасап.

«10 жыл айға қарап жүрген жоқпын»: Жұлдыз Әбдікәрімова оқырман көкейіндегі сұраққа жауап берді
фото: әлеуметтік желіден

Актрисаның әлеуметтік желідегі оқырмандарының бірі "Он жыл бойы қалай шымылдықтың артында өмір сүрдіңіз?" деп сұраған.

"Мен 10 жыл ай қарап жүрген жоқпын. Ол менің өмірімдегі АНА болу, балаларымның алғашқы тәй-тәй басуы, алғаш шүлдірлеп сөйлеуі деген маңызды кезең болды. Төрт баламды да ешқандай көмекші, күтушіге қимадым. Барлық сәттеріне өзім куә болғым келді", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.