Прямая трансляция

Астана

Астана

17°C

«Өзіне қатты ұнады»: Белгілі блогер әйеліне 980 мың теңгеге аяқкиім алып бергенін айтты (ВИДЕО)

Әлеуметтік желі арқылы танылған блогер Елдос Кәдірханов әйелі Таңшолпан Шотаеваға қымбат сыйлық берді, деп хабарлайды paryz.kz.

«Өзіне қатты ұнады»: Белгілі блогер әйеліне 980 мың теңгеге аяқкиім алып бергенін айтты (ВИДЕО)
фото: әлеуметтік желіден

Желі жұлдызының айтуынша, әйелі де қымбат сыйлық берген көрінеді.

“Әйелім түсінде де “Джими” деп айтып жүргесін осы брендтен сыйлық алуға келдік. Қалай алып бергенімді түсінбей қалдым. Қарасам миллион теңге жоқ. Мына дүкенге бірінші рет кіріп тұрмын. Әйелдердің ғана аяқкиімін сатады екен. 980 мыңға аяқкиім аламын деп ойламаппын. Әйелім маған да миллион теңге тұратын сыйлық жасаған. Өзіне қатты ұнады”, – деді блогер. 

Еске салайық, Елдос "Колобок” туған күнін ерекше тойлатып, қонақтарын жылатқан еді.

“Көптен күткен тойымызды өткіздік. Жонушкам “Золушка” болды. Тойға арнайы өмірімізден клип түсірдік. 350 қонақ күтіп, есімізді енді жиып жатырмыз. Серік Ибрагимов бауырым үйленген кезіміздегі әнді айтып, жастық шақты еске түсірді. Аналарымыз келіп, бір марқайып қалдық. Сүйікті әншіміз Мирас Жүгінісов арнайы келіп ән шырқады. Тосынсыйымыз да көп болды. Достарымызға түрлі номинациялар бердік. Келесі туған күнімізді үшеу болып тойлау бұйырсын!. 8 жылдан бері күтіп жүрген қуанышымыз орындалсын”, – деген еді желі жұлдызы.