Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Шоу-бизнес бүгін, 12.11.2025 10:14 Обновлять, 17.11.2025 00:03

«Әйелдеріңе көмектесіңдер»: Келіншегіне тамақ жасап берген Заттыбек Көпбосынұлы көпшілікті сүйсінтті (ВИДЕО)

Танымал әнші Заттыбек Көпбосынұлы тағы бір өнерімен қалың оқырманын тәнті етті, деп хабарлайды Paryz.kz.

«Әйелдеріңе көмектесіңдер»: Келіншегіне тамақ жасап берген Заттыбек Көпбосынұлы көпшілікті сүйсінтті (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Ол келіншегіне манты түюге көмектескен. «Жігіттер, әйелдеріңе көмектесіңдер!», - дейді өзі.

Ал желі қолданушылары әншінің бұл қылығына риза болып, жылы лебіздерін жаудырып жатыр.

«Адамгершілігіңіз бір төбе, өнеріңіз бір төбе, Заттыбек аға! Бихан батырыңыз өзіңіздей ел сыйлаған азамат болсын!», «Шымкенттің жігіттері андай, мындай дегендер көріңдер, Шымкенттің жігіттері қандай екенін!», «Жалпы күйеулері, әкелері көмектеспейтін әйелдерге жақпай жатқан сияқты бұл көрініс. Ұят ештеңесі жоқ. Ұят дегенді орынды-орынсыз әр жерге тықпалай бермеңдер», дейді жұрт.