Айтыскер ақын Сара Тоқтамысова әлеуметтік желідегі жазбасымен көпшілікті күлдірді, деп хабарлайды paryz.kz.
Ол көлік жүргізіп келе жатқан күйеуінің алғашқы махаббатына арналған мұңды әнді қайта-қайта тыңдағанын әзілмен жеткізді.
Ақын бұл жағдайға қатысты жазбасында: «Күйеуімнің алғашқы махаббатын бірге сағынып отырмыз. Басқа амал жоқ. Бір әнді 1040 рет қосты», – деп жазды ол.