Прямая трансляция

Астана

Астана

4°C

«Қар ханшайымы»: Жұлдыз Әбдікәрімованың таудағы видеосы жұртты тәнті етті

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желідегі парақшасында тауда түсірілген видеосын жариялап, көпшіліктің назарын аударды. Қарлы таудың аясында түсірілген кадрларда өнер иесі ерекше образымен көзге түскен, деп хабарлайды paryz.kz.

«Қар ханшайымы»: Жұлдыз Әбдікәрімованың таудағы видеосы жұртты тәнті етті
Фото: видиодан скриншот

Актриса видеоға: «Таудың құдіреті – шыңында, қыстың құдіреті – аязында, адамның құдіреті – мейірімінде болса керек», – деп жазды.

Желі қолданушылары оның сұлулығына тәнті болып, жылы пікірлерін жаудырған. Бірі актрисаның Қазақстанның табиғат аясында түсірілген видеосын ерекше бағаласа, енді бірі оны «королева» деп атаған.

«Ұзын көйлек киіп, Түркияға барып суретке түскенше, өз елімізде түскен қандай керемет!», «Қар ханшайымы!» – деп жазған оқырмандар.