Прямой эфир

Астана

Астана

17.97°C

Происшествия бүгін, 17.07.2024 10:55 Обновлять, 18.07.2024 12:04

Жаңатас қаласын су басты

Кеше сағат 17:20-да Сарысу ауданында қатты жауын-шашынның салдарынан көлбеу ағындар пайда болып, Жаңатас қаласының 13 көшесіндегі 47 үй,1 әлеуметтік нысан және 400 аула аумағын су басты, деп хабарлады Paryz.kz. 

Жаңатас қаласын су басты
Фото: Жамбыл обл. ТЖД баспасөз қызметі

Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, аудандық маңызы бар Жаңатас-Саудакент автожолында су алуына байланысты жол жабылған. Су айдау және жол төсемінің топырағын арнайы техникамен көтеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ, халыққа көмек көрсету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Ол үшін жергілікті атқарушы органдар мен төтенше жағдайлар және полиция департаменттерінен 231 адам, 53 техника жұмылдырылып, 24 мотопомпалар мен дрон пайдаланылып жатыр.

Қазір су деңгейі төмендеді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Мал шығыны да анықталмады. Зардап шеккен халықты қабылдау үшін Мұхтар Әуезов мектебінде 45 орын және орталық ауруханада 60 орын дайындалды, – делінген ТЖД хабарламасында.