Кеше, 8 маусымда Алматы облысының кей аймағында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды paryz.kz.
ТЖМ хабарлауынша, "СБЗҰҒО" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 2026 жылғы 8 маусымда Астана уақытымен сағат 21:55-те жер сілкінісін тіркеген.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 111 шақырым жерде, Қазақстан аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің координаттары: 42.920° с.е., 78.188° ш.б. Тереңдігі – 5 км.
Есептік қарқындылығы (баллмен): Алматы облысы, Кеген ауданы, Саты ауылы – 2,5 балл; Алматы облысы, Кеген ауданы, Жалағаш ауылы – 2 балл.