Прямая трансляция

Астана

Астана

20.65°C

Қазақстандық студент Италияда қаза тапты

Қазақстандық Нұрдәулет Машарипов Италияда мерт болды. Оның денесі елдің оңтүстігіндегі Бриатико қаласындағы жағалаудағы жартастардың арасынан табылды, деп хабарлайды paryz.kz сайты Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстандық студент Италияда қаза тапты
Фото: видиодан скриншот

Жігіт Оралдағы Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі болған. Бұл туралы Дінмұхамед Мұхтаров Threads әлеуметтік желісінде хабарлады. Оның айтуынша, Нұрдәулет теңізде суға батып кеткен. Қазір отбасы оның денесін Қазақстанға жеткізу үшін қаражат жинап жатыр.

"Қазір біз оның денесін туған жері Қазақстанға жеткізу үшін қаражат жинап жатырмыз. Жалпы құны – 8000 еуро (4,5 миллион теңге)", – деп жазды Дінмұхамед Мұхтаров.

Нұрдәулет Машарипов Италияда университетте оқыған. Италия БАҚ-тарының хабарлауынша, жігіттің денесі Италияның оңтүстігіндегі Вибо-Валентия провинциясындағы Бриатико қаласының маңындағы судан табылды. Қылмыс белгілері табылған жоқ. Дегенмен жағалаудағы жартастарға соғылып, жарақат алған. Сарапшылар өлім уақыты мәйіт табылғанға дейін шамамен 15 сағат бұрын болған деп болжайды. Ер адамның ұялы телефоны, тастардан сөмке мен киім сияқты жеке заттары табылды.

Сыртқы істер министрлігі Қазақстан елшілігі мен тиісті Италия билігі оқиғаның мән-жайын тексеріп жатқанын хабарлады.

"Қазақстан дипломаттары туыстарымен байланыста болып, қажетті консулдық және құқықтық көмек көрсетіп жатыр", – делінген хабарламада.