Прямой эфир

Астана

Астана

17.97°C

Происшествия бүгін, 17.07.2024 10:55 Обновлять, 18.07.2024 12:43

Ақтау – Жаңаөзен тасжолындағы апаттан екі адам опат болды

Жаңаөзен – Ақтау тасжолының 34/193 шақырымында қайғылы жол-көлік оқиғасы болып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды Paryz.kz.  

Ақтау – Жаңаөзен тасжолындағы апаттан екі адам опат болды
фото: әлеуметтік желіден

Облыстық полиция департаментінен хабарлағандай, Mitsubishi Lancer автокөлігінің жүргізушісі Toyota Avalon автокөлігімен соқтығысқан.

Апат салдарынан оқиға орнында алған жарақаттардан Mitsubishi автокөлігінің 69 жастағы жүргізушісі қайтыс болды, ал Toyota көлігінің 48 жастағы жолаушысы ауруханаға барар жолда жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.

«Сонымен қатар зардап шеккен бес адам Жаңаөзен қаласының ауруханасына жеткізілді. Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша Қарақия ауданы ББ ЕҚДБ-да тіркелген. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізілуде. Тергеу мүддесі үшін басқа ақпарат жария етілмейді», - деп хабарлады аймақтық ПД.