Прямая трансляция

Астана

Астана

18.23°C

Түркістан облысында полиция капитаны қызмет барысында қаза тапты

Түркістан қаласында қызметтік міндетін атқару кезінде полиция басқармасының қызметкері Бауыржан Қонысбеков қаза тапты, деп хабарлайды paryz.kz.

Түркістан облысында полиция капитаны қызмет барысында қаза тапты
Фото: ІІМ

Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов жеткізді.

"Қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан Түркістан қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының аға инспекторы, полиция капитаны Бауыржан Қонысбековтің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамын", – деді ведомство басшысы.

Ол Ішкі істер министрлігі марқұмның отбасына жан-жақты қолдау көрсететінін айтты.