Прямая трансляция

Астана

Астана

27.52°C

Алматыда такси жүргізуші туристерден әуежайдан қалаға дейін 150 доллар алған

Алматыда такси жүргізуші үндістандық туристерді әуежайдан қалаға жеткізгеннен кейін олардан жолақы ретінде 150 доллар талап еткен, деп хабарлады қалалық полиция.

Алматыда такси жүргізуші туристерден әуежайдан қалаға дейін 150 доллар алған
Фото: sputnik.kz

Бұған келіспеген туристер полицияға жүгінген.

"Тексеру барысында жүргізушінің кім екені жедел анықталып, заңсыз алынған қаражат шетелдік азаматтарға толық көлемде қайтарылды", - деп жазылған хабарламада.

Аталған дерек бойынша жүргізушіге қатысты әкімшілік материалдар жиналып, заңды шешім қабылдау үшін мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотқа жолданады.

Алматы полициясы жолаушыларды, оның ішінде қала қонақтарын алдап, заңсыз пайда табуға бағытталған кез келген әрекетке қатаң тыйым салынатынын ескертті.