Прямая трансляция

Астана

Астана

22.42°C

Павлодарда зират күзетшісін бірнеше жерден пышақтап тастаған

Павлодар қаласындағы зираттардың бірінде күзетшіге шабуыл жасалды, деп хабарлайды paryz.kz.

Павлодарда зират күзетшісін бірнеше жерден пышақтап тастаған
Фото: sadaq.kz

Алдын-ала мәлімет бойынша, кәмелетке толмағандардан құралған бір топ Павлодардағы зираттардың біріне заңсыз кіріп, күзетшіге шабуыл жасаған. 

Олар ер адамға оннан астам пышақ жарақатын салған. Зардап шеккен азамат – 1963 жылы туған ер адам.

«Аталған факті бойынша полиция қылмыстық істі тергеп жатыр. Іске қатысы бар барлық тұлғалар анықталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.