Астанада құтқарушылар СПА-салондағы өртті сөндірді, деп хабарлайды paryz.kz.
Астана қаласы Нұра ауданындағы Қ. Мұхамедханов көшесінде орналасқан 12 қабатты тұрғын үйдегі СПА-салонда өрт шықты. Өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін келушілер ғимараттан өздігінен эвакуацияланды. 112 пультіне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ, - деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.
ТЖМ күштерімен өрт 20 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.