Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болып тағайындалды. Құрылтай депутаттары оның кандидатурасын қолдады, деп хабарлайды paryz.kz.
Бүгін Құрылтайдың жалпы отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қариннің кандидатурасын вице-президент қызметіне ұсынды.
Құрылтай депутаттары бұл ұсынысты қолдады. Дауыс беруге қатысқан 145 депутаттың 141-і Ерлан Қариннің кандидатурасын жақтап дауыс берді.
Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының вице-президенті болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.