Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Құрылтай отырысы басталды, деп хабарлайды paryz.kz.
Отырыста Мемлекет басшысы Вице-президент лауазымына Ерлан Қаринннің кандидатурасын ұсынды. Айта кетсек, Қазақстанның жаңа Конституциясында вице-президент институты қайта енгізілді.
Бұл лауазымға кандидатураны Президент ұсынады, ал тағайындау үшін Құрылтайдың келісімі қажет. Жаңа Конституцияның 49-бабына сәйкес, Қазақстанның Вице-президентін Президент Құрылтай депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен берілген келісімі арқылы тағайындайды.