Прямая трансляция

Астана

Астана

5°C

Ердоған Астанаға мемлекеттік сапармен келеді

13-14 мамыр күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Астанаға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Ақорда.

Ердоған Астанаға мемлекеттік сапармен келеді
Ақорда

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды.

Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді, – деп жазылған хабарламада.

15 мамыр күні Түркістан қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының бейресми саммиті ұйымдастырылады. 

Жиында "Жасанды интеллект және цифрлық даму" тақырыбы талқыланады. Ақорда сондай-ақ Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммиті қарсаңындағы Түркістандағы дайындық барысы түсірілген видеоны бөлісті.