Мемлекет басшысының жарлығымен Ерболат Асқарбекұлы Досаев Президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Paryz.kz.
Ерболат Досаев Алматының тумасы. 1997 жылы «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ басқарма төрағасының орынбасары, «АТФ Банк» ЖАҚ басқарма төрағасы лауазымын атқарған.
1998 жылы ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметінде болған. 1998 жылы ҚР энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, 2000 жылы қаржы вице-министрі, 2001 жылы Қазақстан Даму банкі Директорлар кеңесінің төрағасы болды.
Әр жылдары табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы, қаржы министрі, Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы, ҚР Ұлттық банкінің басқарма мүшесі, денсаулық сақтау министрі, «Қазинвестбанк» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарды. Алматы әкімі болды.