Әсет Ерғалиев президенттің кеңесшісі – стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы болды, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Әсет Арманұлы Ерғалиев Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі – стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Әсет Ерғалиев 1986 жылы Қостанай облысында дүниеге келген. Еңбек жолын Ұлыбританияның Лондон қаласындағы Еуропа қайта құру және даму банкі Экономикалық департаментінің Шығыс Еуропа және Кавказ бойынша өңірлік талдаушысы болып бастады.