Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Қанат Шарлапаев "Атамекен" ҰКП төралқасының жаңа төрағасы болып сайланды

"Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы ауысты. Райымбек Баталовтың орнына жаңа төраға болып Қанат Шарлапаев сайланды, деп хабарлайды ҰКП-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған.

Қанат Шарлапаев "Атамекен" ҰКП төралқасының жаңа төрағасы болып сайланды
Фото: "Атамекен" ҰКП-нің баспасөз қызметі

Елордада "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының XIII съезі өткен. Съезде палатаның 2024-2025 жылдарға арналған жұмысы қорытындыланып, негізгі институционалдық және қаржылық мәселелер талқыланып, кәсіпкерлікті одан әрі дамытудың басым бағыттары белгіленген.

Сонымен қатар съезд палатаның жарғысына және төралқа құрамына өзгерістер мен толықтыруларды бекіткен.

"Көпшілік дауыспен "Атамекен" ҰКП төралқасының жаңа төрағасы болып Қанат Шарлапаев сайланды", - делінген хабарламада.