Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Тоқаев Қызылордада өтетін Ұлттық құрылтайдың отырысында сөз сөйлейді

Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібай биыл Ұлттық құрылтайдың V отырысы Қызылорда қаласында өтетінін айтты, деп хабарлайды paryz.kz.

Тоқаев Қызылордада өтетін Ұлттық құрылтайдың отырысында сөз сөйлейді
Ақорда

Руслан Желдібай Telegram желісіндегі арнасында Ұлттық құрылтайдың V отырысы 20 қаңтар күні Қызылордада өтетінін мәлім етті.

"Сыр бойындағы жиында президент Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлеп, Қазақстанның келешек даму бағдары мен қоғамдағы өзекті мәселелер туралы ойларын ортаға салады", - делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы 2022 жылы – Ұлытауда өткен еді. Ал 2023 жылы – Түркістанда болды. 2024 жылы – Атырауда, былтыр Бурабайда өтті.