Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Тоқаев Рим папасын Қазақстанға шақырды

Мәулен Әшімбаев Рим папасы XIV Лев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сәлемін жеткізіп, оны Қазақстанға сапармен келуге ресми түрде шақырды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Тоқаев Рим папасын Қазақстанға шақырды
Фото: Сенат

Кездесу барысында Мәулен Әшімбаев Қазақстанда бейбітшілік пен дінаралық диалогты ілгерілетуде Ватиканның тұрақты қолдауын атап өтті.

Сондай-ақ, Астана бейбітшілік декларациясын: климат жөніндегі бастамалардан бастап АИ-ді дамытудың этикалық кодексін әзірлеуге дейінгі жұмыстар туралы айтты.

Понтифик Қазақстанның түрлі дін өкілдері арасындағы келісімді нығайтуға қосқан үлесін жоғары бағалады және Ватиканның бірлескен ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендігін растады.