Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11-12 желтоқсан күндері Ашхабад қаласында болады, деп хабарлайды Ақорда.
Мемлекет басшысы Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына, сондай-ақ Халықаралық бейтараптық күні мен Түрікменстанның тұрақты бейтараптығының 30 жылдығына арналған форумға қатысады.
Осы күні, 11 желтоқсанда Астанада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иран президенті Пезешкианның кездесуі жоспарланған.
Масуд Пезешкиан 10 желтоқсанда ресми сапармен Астанаға келеді.