Прямой эфир
Астана
25.77°C
Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) 27 қарашада ұйымның жаңа бас хатшысының кандидатурасы қарастырылатынын мәлімдеді. Қазір бұл лауазымды Иманғали Тасмағамбетов иеленіп отыр, деп хабарлайды paryz.kz.
ҰҚШҰ-ның мәліметінше, 27 қарашада Бішкекте Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің отырысы өтеді. Отырысқа қатысушылар бірлескен жұмыс бойынша өзекті мәселелерді, соның ішінде есірткінің заңсыз айналымы мен заңсыз көші-қонға қарсы күрестегі ынтымақтастықты нығайтуды талқылайды.
"ҰҚШ-ның ҰҚК сессиясында, атап айтқанда, мүше мемлекеттердің қауіпсіздікке қатысты өзекті мәселелер жөніндегі ортақ көзқарасы көрсетілетін декларацияны қабылдау және алдағы үш жылдық кезеңге (2026-2029 жылдар) ҰҚШҰ-ның бас хатшысы лауазымына кандидатураны қарастыру жоспарланып отыр", - делінген хабарламада.