Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Paryz.kz.

Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті
Фото: Ақорда

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Әңгімелесу барысында Қазақстан Президентінің Ресей Федерациясына жоспарланған мемлекеттік сапарына дайындық мәселесі талқыланды.

Мемлекеттер басшылары Мәскеуде өтетін келіссөздер екі елдің стратегиялық серіктестік және одақтастық қатынастарын одан әрі дамыту тұрғысынан айрықша маңызды екеніне назар аударды. 

Сонымен қатар әлемдегі қазіргі ахуалдың кейбір аспектілері қарастырылды.