Прямой эфир

Астана

Астана

25.77°C

Саясат бүгін, 24.11.2025 14:56 Обновлять, 03.12.2025 21:58

Президент Үкіметке экономикалық реформаларды жеделдетуді тапсырды

Президент Премьер-министр Олжас Бектеновке осы аптаның соңына дейін азаматтардың мүддесін ескере отырып, Үкіметтің экономикалық реформалар бағдарламасын іске асыру үдерісін реттеуге қатысты нақты шаралар әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы Президенттің көмекшісі - Баспасөз хатшысы Руслан Желдібай мәлім етті, деп хабарлайды paryz.kz.

Президент Үкіметке экономикалық реформаларды жеделдетуді тапсырды
Фото: Ақорда

Үкіметке шағын және орта бизнесті қолдауға, инвестициялық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ елдегі экономикалық жағдайды тұрақтандыруға бағытталған түзетулер енгізіп, қажетті шешімдер қабылдау міндеті жүктелді, - делінген ақпаратта.

Мемлекет басшысы Үкіметтің экономикалық саясатының негізгі параметрлері Қазақстанның стратегиялық мүддесіне сай келеді, сонымен қатар онда жаһандық конъюнктура мен қазіргі нарықтық үрдістер ескерілген деп санайды.