Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Тоқаев ақшаны жылыстатуға және терроризмге қарсы күресті күшейтетін заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ақшаны жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы күресті күшейтетін заңға қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

Тоқаев ақшаны жылыстатуға және терроризмге қарсы күресті күшейтетін заңға қол қойды
Фото: Ақорда

Онда "жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыру" ұғымы бекітілген.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды", - деп жазылған хабарламада. 

Қаржы мониторингіне жаңа субъектілер қосылады. Олардың қатарында ұялы байланыс операторлары мен "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы бар. Мәжіліс "күмәнді қызмет" ұғымының енгізілгенін де хабарлады. Бұл аударымдардың жиілігі мен көлеміне байланысты анықталады. Мысалы, күн сайын бір шотқа бірдей сома аударылса, бұл күмән тудыруы мүмкін.