Прямая трансляция

Астана

Астана

25.77°C

Кореяның жаңа президенті Тоқаевты өз еліне шақырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының Президенті Ли Чжэ Мёңмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Paryz.kz Ақордаға сілтеме жасай отырып.

Кореяның жаңа президенті Тоқаевты өз еліне шақырды
Фото: Ақорда

«Әңгімелесу барысында президенттер сан қырлы қазақ-корей ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға бейіл екенін растады. Мемлекеттер басшылары екіжақты байланыстардың барлық бағыты бойынша егжей-тегжейлі пікір алмасты. Сондай-ақ сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты жандандыруға ниет білдірді», - деп жазады Ақорда.

Ресми ақпаратқа сүйенсек, тараптар өнеркәсіп, энергетика, машина жасау, білім беру және медицина салаларында қолға алынған әрі перспективті жобаларды тиімді жүзеге асырудың маңызын атап өтті.

«Ли Чжэ Мёң Қазақстан Президентін Корея Республикасына ресми сапармен келуге шақырды. Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Корея басшысының шақыруын ризашылықпен қабыл алып, келесі жылы Сеулде өтетін «Орталық Азия – Корея Республикасы» форматындағы саммитке қатысатынын мәлімдеді», - деп хабарлайды Ақорда.