Прямая трансляция

Астана

Астана

22°C

Қытай төрағасы келесі аптада Қазақстанға келеді

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға келеді, деп хабарлады Ақорда.

Қытай төрағасы келесі аптада Қазақстанға келеді
Фото: Ақорда

"16-17 маусым күндері мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин келеді", - деп жазылған хабарламада.

Сапар барысында жоғары деңгейдегі екіжақты кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ екі ел арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту мәселелері талқыланады.

17 маусымда Астанада аймақтағы мемлекеттер басшыларының қатысуымен екінші "Орталық Азия – Қытай" саммиті өтеді.