2 қыркүйекте Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді. Мәжіліс Төрағасы Ерлан Қошанов Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы Өкімге қол қойды.
 
                        «Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын», - деп жазылған Өкім мәтінінде.
 
                                                     
                                                     
                                                     
                                                     
                                                     
                                                     
                                                     
                                                    