Қостанай облысының Қарабалық ауданында табиғи өрт болды.
Үрнек ауылы маңында құрғақ дала өсімдіктері мен қайың шоқтары өртеніп, оттың бір бөлігі Қарадум орманшылығының аумағына тараған. Өрт шамамен 850 гектар аумақты шарпыды.
8 қыркүйекте Денисов ауданындағы ауылдарда аптап ыстық пен құрғақ желдің салдарынан үйлер мен шаруашылық құрылыстары өртенген, Мал қырылған. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды "Наша газета".
Өртті сөндіруге 100-ден астам өрт сөндіруші, 25 техника және ТЖМ тікұшағы жұмылдырылды.