Прямая трансляция

Астана

Астана

27°C

Ақтөбеде полицей қарындасын ұрған күйеу баласын атып кеткен

Ақтөбеде күйеу баласын атқан полиция қызметкеріне сот үкімі шықты, деп хабарлайды paryz.kz Sputnik.kz-ке сілтеме жасап Бұл туралы әлеуметтік желіде жарияланды.

Ақтөбеде полицей қарындасын ұрған күйеу баласын атып кеткен
Фото: istockphoto

Хромтау аудандық полиция бөлімінің аға лейтенанты 28 наурызда кезекшілікке шығуы тиіс болған. Өзімен бірге қызметтік қаруы болған. Туыстарымен ішімдік ішіп отырғанда күйеу баласының қарындасын ұрғанын естіген. Ашуға булыққан ол оған төрт рет оқ атқан.

Тағылған айып - Қылмыстық Кодекстің 99-бабының 1-бөлігі "адамды құқыққа қарсы қасақана қазаға ұшыратуға оқталу".

"Сотталушы жәбірленушімен бірге алкогольдік ішімдік ішіп отырған кезде, олардың арасында жанжал болған. Сотталушы қызметтік тапаншасын алып, жәбірленушіні қасақана оған 4 рет оқ атқан. Салдарынан жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтірілген", - дейді Ақтөбе облысының соты.

Сотталушы кінәсін ішінара мойындаған. Сот үкімімен оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.