Прямая трансляция

Астана

Астана

24°C

Қызылордадағы мұнай өңдеу зауытында 60 тонналық екі резервуар өртеніп кетті

Қызылордадағы мұнай өңдеу зауытында 60 тонналық екі резервуар өртеніп кетті, деп хабарлайды paryz.kz.

Қызылордадағы мұнай өңдеу зауытында 60 тонналық екі резервуар өртеніп кетті
Фото: видиодан скриншот

Қызылорда қаласының Шоқай көшесінде орналасқан шағын тоннажды мұнай өңдеу зауыттарының бірінің аумағында әрқайсысының сыйымдылығы 60 тонна болатын екі резервуар өртенді. Оларда жалпы көлемі 120 тонна мұнай өнімі болған. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде резервуарлар ашық жалынмен жанып жатқан.

Өрттің жанында орналасқан тағы үш резервуарға таралу қаупі туындады. Өртті сөндіруге ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың және басқа да қызметтердің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды. Көршілес резервуарларды қорғау үшін тасымалды лафеттік оқпандар беріліп, өрт көбікпен сөндірілді. Қосымша өрт сөндіру пойызы тартылды.

Өрт сөндірушілердің жедел әрі үйлесімді іс-қимылының арқасында жалынның таралуына жол берілмей, жанындағы үш резервуар сақталып қалды. Өрт 200 шаршы метр аумақта толық сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталуда. Зерттеу жүргізу үшін өрт сынақ зертханасы тағайындалды.