Дәрігерлер Жамбыл облысында қоқыс жәшігінен табылған жаңа туған нәрестенің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды paryz.kz.
Нәресте – қыз бала. 2 қыркүйек күні сағат 10:00-де Қордай аудандық орталық ауруханасының босандыру бөліміне жеткізілген.
"Нәрестенің жағдайы орташа ауыр. Болжамды гестациялық жасы – 36 апта, салмағы – 1778 грамм. Өзі тыныс алып жатыр, гемодинамикасы тұрақты", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Қазіргі уақытта нәрестеге қажетті медициналық көмек көрсетіліп, тиісті медициналық тексерулер жүргізіліп жатыр.