Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

Жетісу облысында жол апатынан 6 адам көз жұмды

Жетісу облысында екі Chevrolet Cobalt автокөлігі соқтығысып, 6 адам көз жұмды. Тағы бір адам әртүрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді, деп хабарлады облыстық полиция.

Жетісу облысында жол апатынан 6 адам көз жұмды
Photo : Stefan Schweihofer

Қайғылы оқиға "Сарыөзек – Көктал" автожолының 110-шақырымында болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша автокөліктердің бірінің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, қарсы бағытта келе жатқан автокөлікпен соқтығысқан", - деп жазылған хабарламада.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.