Алматы облысының Талғар ауданында пластик бұйымдарын шығаратын цех өртенді. Бұл туралы paryz.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
ТЖМ қызметкерлері өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп, өрт болған жерде өрт сөндіру жедел штабы құрылды.
Судың үздіксіз берілуі ұйымдастырылды, 3 жауынгерлік учаске жұмыс істеп, өртті сөндіруге 6 су оқпаны берілді. 112 нөміріне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
Өрттің шығу себептері мен оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт оқшауланды.