Прямая трансляция

Астана

Астана

19°C

«Шешесімен қосылып ұрды»: Тойда қалыңдықты қорғаған биші қызға әйел қол көтерген

Кеше тойлардың бірінде қыз ұзату рәсімі кезінде келеңсіз жағдай болған. Той қонағы биші қызға қол көтеріп, оған және өзге де адамдарға күш көрсеткен. Бұл туралы продюсер Бекзат Кибраева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды paryz.kz.

«Шешесімен қосылып ұрды»: Тойда қалыңдықты қорғаған биші қызға әйел қол көтерген
Фото: видиодан скриншот

Продюсердің айтуынша, оқиға қызды ұзату рәсімі кезінде болған. Бишілердің міндеті қалыңдықтың алдына адамдарды өткізбей, оған қауіпсіз жағдай жасау болған.

«Қызды ұзатып жатқанда өткізбегені үшін оларға қоқан-лоқы жасап, ұрып, шешесімен қосылып...» – деп жазды Бекзат Кибраева. 

Ол оқиғаға қатысты бейнематериалдар бар екенін айтып, құқықтық шара қолданылатынын мәлімдеді. 

«Біріншіден, продюсер тұр, бәрін көрген. Екіншіден, қолымызда видеолар тұр, дәлел ретінде. Үшіншіден, ата-ана тұр. Төртіншіден, заң тұр. Бесіншіден, куәгерлер тұр. Сотта кездесеміз», – деді продюсер.

Әлеуметтік желі қолданушылары да оқиғаға қатысты пікір білдіріп, биші қыздарға күш көрсеткен адамды жауапқа тартуды талап етті.

«Жауапқа тарту керек! Ешкімнің күш көрсетуге қақысы жоқ. Үкідей бүлдіршін қыздарға қорған болар бір жан табылмады ма?» – деп жазған желі қолданушысы. 

Тағы бір қолданушы мұндай әрекеттің тойдағы дәстүрге байланысты туындағанын айтып, бишілердің қалыңдықты қорғау үшін адамдарды өткізбей тұрғанын жазды.

«Көп қыздар бәрі жұлқылап сүйіп, сәукелесі құламасын деп бишілерден ешкімді өткізбей коридор жасап тұруды сұрайды», – делінген пікірде.