Алматыда қоғамдық көліктің ішінде жанжалшықты, деп хабарлайды paryz.kz.
Әлеуметтік желіде үш ер адамның арасындағы төбелестің бейнежазбасы тарады. Онда жанжалға қатысушылардың бірі қолына пышақ алып, екінші адамға ұмтылғанын көруге болады.
Полиция депаратаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша Түрксіб аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
— Жанжалға қатысушылардың әрқайсысының әрекетіне құқықтық баға беріледі. Мұндай агрессивті және қоғамға қауіпті мінез-құлыққа жол берілмейді. Кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылады, — деп хабарлады департаменттен.