Стендап-комик Ғалым Қалиақбаровтың 21 тамызда Алматыда жоспарланған концерті өткізілмейтін болды. Бұл туралы іс-шараны ұйымдастырушылар жариялады, деп хабарлайды paryz.kz.
Концерт комиктің 19 тамызда Астанадағы өнерін полиция қызметкерлері тоқтатқаннан кейін келесі күні тоқтатылды.
Іс-шара өтпейтіні туралы ақпарат Central Stand Up Almaty стендап-клубының Instagram-аккаунтында жарияланды.
"Іс-шара ұйымдастырушыға байланысты емес себептермен өтпейтін болды. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз. Сатып алынған барлық билет құны толық көлемде қайтарылады", – делінген ұйымдастырушылардың хабарламасында.