Прямая трансляция

Астана

Астана

12°C

Талдықорғанда жол апатынан бір адам қаза тауып, үш адам жарақат алды

Талдықорғанда екі көлік соқтығысып, жол апаты болды. Қайғылы оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Жол апаты қаладағы айналма жолда болғаны белігілі болды, деп хабарлайды paryz.kz.

Талдықорғанда жол апатынан бір адам қаза тауып, үш адам жарақат алды
Фото: видиодан скриншот

Полицияның мәліметінше, жол-көлік оқиғасына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

 Жол апатынан бір адам қаза тапты. Тағы үш адам медициналық мекемеге жеткізілді, — деп хабарлады полиция.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері жол апатының барлық мән-жайын анықтап жатыр.

 Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, маневр жасау және қиылыстардан өту кезінде барынша мұқият болуға, қарсы бағыттағы көлікке жол беруге және жылдамдықты қауіпсіз деңгейде таңдауға шақырды.