Прямая трансляция

Астана

Астана

21°C

Қарағанды облысындағы ауылда дала өрті тіркелді

Қарағанды облысындағы ауылда алапат дала өрті болды, деп хабарлайды paryz.kz.

Қарағанды облысындағы ауылда дала өрті тіркелді
© AP Photo / Achilleas Chiras

ТЖМ мәліметінше, Жаңатоған ауылы маңында табиғи өртті оқшаулау және сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр.

Сағат 08:00-дегі жағдай бойынша өрт аумағына аэровизуалды барлау жүргізілді.

"Барлау нәтижесінде жаңа ашық жану ошақтары анықталған жоқ. Елді мекендерге қауіп жоқ. Жағдай бақылауда", - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінде.

Тұрғындардың айтуынша, жалын бірнеше қыстау мен қысқа жиналған шөпті шарпыған. Желіде тараған ақпарат бойынша өрт сөндіруге қатысқан бір адамның денесінің 50%-ын күйік шалып, ауруханаға жеткізілген.