Прямая трансляция

Астана

Астана

23°C

Ақмола облысында 67 гектар құрғақ шөп өртенді

Өткен тәулікте құтқарушылар мен орман шаруашылығы қызметкерлері Ақмола облысының алты ауданында болған табиғи өрттерді сөндірді. Жалпы 67 гектардан астам құрғақ шөп өртенген. Бұл туралы өңірлік ТЖД хабарлады.

Ақмола облысында 67 гектар құрғақ шөп өртенді
Фото: ТЖД

Өрт сөндірушілердің мәліметінше, Біржан сал, Целиноград, Атбасар, Ақкөл, Шортанды және Жақсы аудандарындағы аумақтарды өрт шарпыған. ТЖД бөлімшелері мен жергілікті әкімдіктердің басты міндеті өрттің елді мекендерге таралуына жол бермеу болды. Бір тәулікте өрт шарпыған аумақтың жалпы көлемі 67 гектардан асты.

Өртті сөндіруге Мариновка ауылындағы «Ауыл құтқарушылары» бөлімшесі, «Степногорское» орман шаруашылығы басқармасы және «Кеңес» орман шаруашылығы басқармасының қызметкерлері де қатысты. Бірлескен жұмыстың арқасында құрғақ шөп өртенген барлық ошақ сөндірілді.

ТЖД мәліметінше, алдын ала болжам бойынша өрттің шығуына тұрғындардың отпен абайсыз әрекет етуі себеп болған. Ақмола облысының ТЖД өңір тұрғындары мен қонақтарын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Төтенше жағдай туындаған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөміріне хабарласыңыздар, – делінген хабарламада.