Орал қаласында 8 жасар қыз мерт болды. Алдын ала мәлімет бойынша қыз бала жер үйдің аумағындағы септикке құлап кеткен, деп хабарлайды Kazinform-ға сілтеме жасаған paryz.kz.
БҚО ПД-ның баспасөз қызметі агенттікке мәлім еткендей, 2018 жылғы қыз баланың жазатайым оқиғаға ұшырағаны жөнінде хабарлама 10 тамызда келіп түскен.
Алдын ала мәлімет бойынша қыз бала жер үйдің аумағында орналасқан септикке құлап кеткен. Ол ауруханаға жеткізілгенімен, есін жимастан қайтыс болған.
"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру нәтижесі бойынша тиісті процессуалдық шешім қабылданады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", - деп хабарлаған ведомстводан.