Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, жүргізуші ұсталды.
4 адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасы 12 тамызда «Көкшетау – Атбасар» автожолының 16-шы шақырымында болды.
Алдын ала анықталғандай, «Mini Cooper» маркалы автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кетіп, «Audi» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан «Audi» автокөлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы оқиға орнында қайтыс болды.
Ал «Mini Cooper» автокөлігінде болған тағы үш адам әртүрлі дене жарақаттарымен медициналық мекемеге жеткізілді. «Mini Cooper» автокөлігінің жүргізушісі ұсталды, қылмыстық істі тергеу жалғасуда, - деп хабарлады Ақмола облысының ПД баспасөз қызметі. Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол жүрісі ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтауға және жолда өте мұқият болуға шақырады.