Прямая трансляция

Астана

Астана

27°C

Қарағандыда қызметкер өзі жұмыс істейтін сұлулық салонын тонап кетті

Қарағандыда өзі жұмыс істейтін сұлулық салонынан ақша ұрлаған қызметкер сыбайласымен бірге ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Қарағандыда қызметкер өзі жұмыс істейтін сұлулық салонын тонап кетті
Фото: видиодан скриншот

Алдын ала мәлімет бойынша, салон қызметкері жұмыс орнының ішкі тәртібін, жұмыс кестесін және ақша қаражаты сақталатын орынды жақсы білген. Осы мүмкіндікті пайдаланып, ол сыбайласымен алдын ала сөз байласып, салонға заңсыз кіріп, кассадағы ақшаны жымқырған.

— Қылмыс сәті салонда орнатылған бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Бейнежазбаларды зерделеу барысында полиция қызметкерлері күдіктілердің әрекетін анықтап, олардың жеке басын жедел түрде анықтаған, — делінген хабарламада. 

Салон иесі таңертең жұмысқа келген кезде ақшасының жоғалғанын байқап, полицияға хабарласқан. Полиция қызметкерлері күдіктілерді анықтап, ұстауға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізді.

Нәтижесінде күдіктілер қаладан шығып кетуге әрекет жасаған кезде теміржол вокзалында ұсталды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталып, келтірілген залал көлемі нақтыланады.