Прямая трансляция

Астана

Астана

25°C

Алматыда қоймадан өрт шықты

Жетісу ауданы Тобаяқов көшесіндегі қойма ғимаратынан өрт шықты. Өртті сөндіру жұмыстарын ұйымдастыру үшін оқиға орнында жедел штаб құрылды, деп хабарлайды paryz.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматыда қоймадан өрт шықты
Фото: видиодан скриншот

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қазіргі уақытта Алматыда жоғары дәрежедегі шақырту бойынша өрт сөндірілуде.

"Жетісу ауданындағы Тобаяқов көшесінде қойма өртенді деген алдын ала мәлімет бар. Оқиға орнында өртті сөндіру жөніндегі жедел штаб құрылды", - деп хабарлады ведомство. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына келген кезде қойма ашық жалынға оранғаны анықталды. 

"Оқиға орнында үш өрт сөндіру учаскесі құрылды. Өртті сөндіру жұмыстарын қою түтін, жоғары температура және өрт жүктемесінің көп болуы күрделендірді.

Оқиға орнына ТЖД-ның 63 жеке құрамы мен 16 техникасы, Алматы-1" ЖЭО-ның 3 қызметкері мен 1 техникасы, "Су Арнасы", "Алматы Тазалық" қызметтері, ҚТЖ өрт сөндіру пойызы және автопоезд жұмылдырылды.

Зардап шеккендер туралы 112 желісіне ақпарат түскен жоқ. Сағат 10:45-те қабылданған шаралар нәтижесінде өрт оқшауланғаны белгілі болды.