Прямая трансляция

Астана

Астана

25°C

Алматыда жас қызды автобус қағып, мерт қылды

Желіде Алматының "Орбита" шағын ауданында автобус бойжеткенді қағып кеткені туралы ақпарат талқыланып жатыр, деп хабарлайды paryz.kz.

Алматыда жас қызды автобус қағып, мерт қылды

Алматыдағы жол-көлік оқиғасы болған жерден кадрлар Instagram-дағы 100baksoff парақшасында жарияланды. ""Орбита" шағын ауданында жол апаты болды. Алматыдағы Мұстафин көшесінде автобус жаяу жүргінші қағып кетті. Алдын ала мәлімет бойынша, жаяу жүргіншіні аман алып қалу мүмкін болмады. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Полициядан ресми түсініктеме күтілуде" - делінген хабарламада.

Алматы қалалық полиция департаментінің NUR.KZ тілшісіне хабарлауынша, жол апаты бүгін сағат 12:20-да Бостандық ауданында болған.

"Мұстафин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан жеке тасымалдаушыға тиесілі автобус жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті. Көшені шығыс бағытта кесіп өтіп бара жатқан 1996 жылы туған қыз алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді полиция өкілдері.