7 тамыз таңғы уақытта Алматыда жол-көлік оқиғасы тіркелді – Hyundai маркалы автокөлік тоқтап тұрған жүк көлігіне соғылды. Бұл туралы paryz.kz қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды
Оқиға бүгін таңғы сағат 04:50-де Алатау ауданында болды. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, Hyundai жүргізушісі Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан.
Сол сәтте ол көлікті басқара алмай, тоқтап тұрған жүк көлігіне соғылған. Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті: Hyundai жүргізушісі мен жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді.
Апат болған сәтте жүк көлігінің жүргізушісі көлікте болмаған. Оқиғаның мән-жайын аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр.