Прямая трансляция

Астана

Астана

24.72°C

Ақтауда балкон арқылы үйге кірмек болған ер адам 12-қабаттан құлап кетті

Ақтау қаласында 12-қабаттан құлаған ер адамның өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды paryz.kz.

Ақтауда балкон арқылы үйге кірмек болған ер адам 12-қабаттан құлап кетті
Фото: istockphoto

Ресми мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға 25 шілде күні болған. Ер адам балкон арқылы үйге кіремін дегенде 12-қабаттан құлап кеткен.

Ол алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі кезде полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, марқұм бұрын Түпқараған ауданының бас прокуроры болған. Былтыр зейнеткерлікке шыққан.