Прямая трансляция

Астана

Астана

25.01°C

Алматыда наурызда жол апатынан қаза тапқан қыздың әкесі қайтадан 100 млн теңге талап етті

Алматы қалалық соты биыл наурызда Әл-Фараби даңғылында болған қайғылы жол-көлік оқиғасына қатысты апелляциялық шағымды қарады, деп хабарлайды paryz.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда наурызда жол апатынан қаза тапқан қыздың әкесі қайтадан 100 млн теңге талап етті
Фото: видиодан скриншот

Шағым 2026 жылдың 5 тамызында қаралып, сол күні қаулы шығарылды. Апелляциялық шағымды жәбірленуші тарап – апат салдарынан қаза тапқан жолаушылардың бірінің әкесі бергені белгілі болды. Сот кабинетіндегі ашық дереккөздерде жарияланған іс материалдарына сәйкес, шағым тек азаматтық талапты шешу үшін берілген.

Жәбірленуші сотталған адамнан моральдық шығын ретінде 100 млн теңге өндіріп алуды сұраған. Қаулыда бірінші сатыдағы соттың сотталушының кінәсі, оның әрекетін саралау және тағайындалған жазаға қатысты тұжырымдарына жәбірленуші тараптан қарсылық жоқ екені атап өтілген.

Сонымен қатар сотталушының адвокаты шағымға қарсылық білдірген. Сот өз кезегінде Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімін өзгеріссіз қалдырып, жәбірленуші мен оның адвокатының апелляциялық шағымын қанағаттандырмау туралы шешім қабылдады.