Астанада жаңбыр суы жиналған шалшыққа түскен екі ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды paryz.kz.
Әлеуметтік желіде жаңбырдан кейін жиналған шалшық суда жатқан екі ер адамның видеосы тарады. Кадрдан үшінші адамның қолына сыра ұстап, оларды сырттай бақылап тұрғанын көруге болады.
Видеоға қатысты Астана қаласы Сарыарқа аудандық Полиция басқармасы түсініктеме берді.
Полицияның мәліметінше, тексеру барысында екі ер адамның мас күйде тұрғын үй ауласындағы жаңбыр суына түсіп қана қоймай, суды аулада ойнап жүрген балаларға шашқаны анықталған.
«Осы факті бойынша полиция тексеру жүргізді. Нәтижесінде екі азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімі шыққанға дейін олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іс материалдары Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі сотына жолданды», – делінген полиция хабарламасында.